Ұлыбритания үш апталық карантинге жабылды

Ұлыбритания үш апталық карантинге жабылды

Ұлыбритания үш апталық карантинге жабылды
ашық дереккөзі
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон елде коронавирусқа байланысты қатаң шектеу қойылғанын ескертті. – Бүгіннен бастап, сіздер үйден шықпай отыруға міндеттісіздер! Себебі, біз бұл індеттің үй шаруашылығына жайылып кетпеуін сақтауымыз керек. Сәл сабырлық танытыңыздар, үш аптадан кейін жағдай қалыпқа келсе, шектеуді де тоқтамыз, – деді Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон. Оның айтуынша, енді жұрт үйінен қажеттілік үшін ғана шыға алады. Мәселен, азық-түлік алуға, ауруханаға баруға және өмірге қажетті деп табылған қызметтер жұмыс істейді. Жаттығу жасауға күніне бір рет жалғыз өзі не болмаса отбасымен шығуға болады. Азық-түлік дүкенінен басқасының бәрі жабылады. Ал осы талаптарды сақтамағандарды полицейлер айыппұл салуға құқылы.