Уханьда төрт күннен бері коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеді

Уханьда төрт күннен бері коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеді

Уханьда төрт күннен бері коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеді
ашық дереккөзі
Қытайдың Ухань қаласында соңғы төрт күнде коронавирус жұқтыру деректері тіркелмеген. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.  Хубэй провинциясының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі комитеті апта соңына қарай Ухань қаласында және Хубэй провинциясында коронавирустың жаңа түрімен ауырудың расталған жағдайларының жалпы саны тиісінше 50 005 және 67 800 адам деңгейінде қалды деп мәлімдеді. 490 адам ауруханадан шығарылды,бес науқас қайтыс болды. Жалпы алғанда, ҚХР-да тәулігіне 46 коронавирус оқиғасы анықталды. Олардың барлығы шетелден келгендерден тіркелген. Осыған байланысты үкімет әуе қатынасы үшін жаңа шектеулер енгізді. Дүйсенбіден бастап Бейжіңге ұшатын барлық халықаралық рейстер басқа 12 қалаға бағытталатын болады. Елордаға тек карантиндік талаптарға сай келетін адамдар ғана кіре алады.