22 Наурыз 2020, 20:07 588 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

#SafeHands: Елжан Біртанов коронавирустан қорғанудың жолдарын айтты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ДДСҰ басшысы бастаған #SafeHands челленджін қолдап, коронавирустан қорғанудың қарапайым жолдарын айтты. 

«Құрметті достар! Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы доктор Тедрос бастаған #SafeHands челленджді мен де қолдаймын! Коронавирус инфекциясын жұқтырмаудың өте қарапайым жолдарын еске салғым келеді. Ең алдымен қолды жиі сабынмен 20 секунд жуу қажет. Төмендегі видеороликте қолды дұрыс жуу әдісін көрсетемін. Сонымен қатар, мынадай қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн: аса қажет болмаса үйден шықпауға тырысыңыз; өзіңіз қонаққа бармаңыз және қонақ шақырмаңыз; бөлмелерді күніне кем дегенде 2 рет желдетіңіз; үйді күнде ылғал шүберекпен тазалаңыз. Дендеріңізге саулық тілеймін!»,-деп жазды министр Facebook парақшасында. 

 

Соңғы жаңалықтар