Түркияда коронавирустан 21 адам көз жұмды

Түркияда коронавирустан 21 адам көз жұмды

Түркияда коронавирустан 21 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Түркияда коронавирус жұқтырғандар cаны 947-ге жетті. Елде індеттен 21 адам көз жұмды. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлімдеді.  Түркия билігі пандемиямен күресте қатаң шараларға көшті. Аймақта қоғамдық іс-шаралардың өтуіне тыйым салынды. Мамандар халық көп жиналатын жерлерді үнемі зарарсыздандырып отырады. Жұма намазы да уақытша мешітте оқылмайтын болды. Сонымен қатар, Таяуда тағы 46 елмен әуе қатынасы шектелді. Тізімде Қазақстан да бар. Бүгінгі таңда Түркия 71 елмен әуе байланысын үзді.  Айта кетейік,  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша соңғы тәулікте әлемде 32 мың адам коронавирус жұқтырған. Дүниежүзінде науқастардың жалпы саны 266 мыңға жетті. 11 мыңнан астам адам осы дерттен көз жұмды.  Ал Қазақстанда коронавирус 57 адамнан анықталды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 23, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында 1 адам індет жұқтырған.