22 Наурыз, 09:46 282 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Германияда коронавирус жұқтырғандар қатары 3 есе артты

Германияда коронавирус жұқтырғандар қатары бір аптада үш есе артты. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, кеселге шалдыққандар саны 20 мыңға жуықтаған. 

Індет жұқтыру деректерінің басым бөлігі Солтүстік Рейн-Вестфалия аймағында тіркеліп отыр. Одан кейін Баден-Вюртемберг пен Баварияда. Дерттен тек 120 адам емделіп шыққан.

Дәрігерлер күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Кей аудандарда вируспен күреске әскерилер жұмылдырылған. Үкімет ауруханаларға 3 миллиард доллар бөлуді қарастыруда.

Жуырда ел үкіметі қанша қаланы карантинге жабатын туралы шешім шығарылмақ. Шара ел астанасы Берлинге де енгізілуі мүмкін. Індеттің таралуын тоқтату үшін билік азаматтардан қатынасты барынша азайтуды сұрап отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 40-тан асқанын хабарлағанбыз. 

Індеттің таралуын шектеу үшін Ташкентте қоғамдық көлік пен маршрутты такси қозғалысына шектеу қойылды. Бүгіннен бастап қалада метро, автобус және маршрутты такси секілді қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салынды. Қоғамдық көліктің орнына қалалық санитарлық-эпидемиологиялық орталық дезинфекциялаған арнайы такси жүреді. 

Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы бір адам тіркеліп, науқастардың жалпы саны 54-ке жетті. 

Бүгіннен бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары толықтай карантинге жабылып, шаһарларға кіріп-шығуға тыйым салынды. 

Соңғы жаңалықтар